УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

Адамгершілік - асыл қасиет!

Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. 

"Қайырымды істер" жобасы аясында Семей қаласының мамандандырылған балалар үйіне колледжіміздің оқытушалары және еріктілермен қайырымды іс ұйымдастырылды. Игі істеріңіз көп болсын!

 

 

 28 март 2021